Алматы қаласы
Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«№165 мамандандырылған лицей»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі : Есепші бөлімі:
Нашар көретіндер
нұсқасы
» » Жәутіков олимпиадасының жүлдегерлері / Призеры Жаутыковской олимпиады
13
февраль
2023

Жәутіков олимпиадасының жүлдегерлері / Призеры Жаутыковской олимпиады

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 2023 жылдың 1-10 ақпан аралығында математика, физика және информатика пәндері бойынша Алматы қаласында XІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға әлемнің 26 елінен 1200-ден аса оқушы, 281 команда қатысты. Әр құрама 3 математиктен, 2 физиктен, 2 информатиктен құралды.  Олимпиада қорытындысы бойынша 9 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Алматы қаласынан 4 команда қатыстырылды, оның бірі №165 мамандандырылған лицей командасы болды.
Біздің жеңімпаздар:
1.    Наконечный Никита 11 сынып оқушысы физика пәнінен – күміс медаль;
2.    Нұрсағатов Марғұлан 10 сынып оқушысы физика пәнінен – күміс медаль;
3.    Аспандияров Диас 11 сынып оқушысы информатика пәнінен – қола медаль.
Лицей оқушыларына батылдығы мен жүректілігі, жеңіске құмарлығы, жетістікке деген сенімділіктері үшін алғыс айтамыз. Осы олимпиадаға қатысуда қол жеткізген тәжірибелері оларды биік белестерге жетелейтініне сенімдіміз. Педагогтарымызға ерен еңбектері үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

С 01 по 10 февраля 2023 года прошла ХІХ Международная Жаутыковская олимпиада по математике, физике и информатике в городе Алматы по инициативе Министерства просвещения РК.
 В олимпиаде приняли участие 281 команд, более 1200 учащихся из 26 стран. Каждая сборная состояла из 3 математиков, 2 физиков и 2 информатиков. По итогам олимпиады 9 учащихся заняли призовые места. Город Алматы выставил 4 команды, одна из них команда Специализированного лицея №165.
Наши победители:
1.    Наконечный Никита учащийся 11 класса – серебряная медаль по физике;
2.    Нұрсағатов Марғұлан учащийся 10 класса – серебряная медаль по физике:
3.    Аспандияров Диас учащийся 11 класса – бронзовая медаль по информатике.
Благодарим  лицеистов  за смелость и отвагу, за волю к победе, за веру в успех. Мы уверены, что опыт участия в этой олимпиаде их многому научил. Выражаем искреннюю благодарность   педагогам!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: