Алматы қаласы
Управления образованияның
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«№165 мамандандырылған лицей»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Приемная Бухгалтерия
Нашар көретіндер
слабовидящих
» » География пәнінің мұғалімі - бос орынына конкурс жарияланады
15
август
2023

География пәнінің мұғалімі - бос орынына конкурс жарияланады

Алматы қаласы, Гагарин даңғылы 193 мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласы Управления образованияның «№ 165 мамандандырылған лицей» отдела образования Кербулакского района, телефон 8 (727) 396-21-23, электрондық поштасы: tl165@mail. ru, мұғалімдерге бос орындарға конкурс жариялайды.

  1. География пәнінің мұғалімі - 1 бірлік (оқытуы орыс тілінде )  

Жүктеме/сағат - 18 сағат

            Жалақысы - 280 000 тенгеден бастап

Құжаттарды қабылдау күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00 - 14.00 аралығында.

Мекен-жайымыз: № 165 МЛ КММ Алматы қаласы, Гагарин даңғылы 193, № 32 кабинет.


Құжат қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 16-тамызынан 24-тамызына дейін.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 57  бұйрығының 107-тармағына сәйкес «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен оқытушыларын қызметінен босату, лауазымдарға тағайындау, жұмыстан босату туралы ережені бекіту» бұйрығына сәйкес, конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жіберу керек:

  1. осы Қағидаларға 10-қ. сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысуға өтініш берілсін;
  2.  жеке тұлғаны куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары  (бар болса);
  4. педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6.  «Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылдың 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. сертификаттаудан өту нәтижелерінің анықтамасы немесе біліктілік санаты педагог-модератордан төмен болмайтын негізі бар куәлік (бар болса)
  10. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына үміткерлер үшін пән бойынша шекті деңгейі 90%-дан кем емес сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе модератор-педагог немесе сарапшы оқытушы, ғылыми-педагог біліктілік санатының сертификаты; немесе магистр мұғалімі (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Ағылшын тілін ересектерге оқыту бойынша диплом) өту және одан жоғары немесе айелтс (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT)) - 60 - 65 балл;
  11. Техникалық және кәсіптік мекемелерге педагогикалық қызметке орналасқан мұғалімдер, өндірісте маманына сай немесе бағдары бойынша кем дегенде екі жыл тәжірибесі бар орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пән мұғалімдері және өндірістік оқыту шеберлері сертификаттаудан босатылады.
  12. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос ұстаз лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы керек.
  13. тәжірибесі жоқ үміткерге бейне көрсетілім: ұзақтығы кемінде 15 минут, ең кемінде тұнықтығы 720 x 480.

108-тармаққа сәйкес үміткер, бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді (біліктілігін арттыру, ғылыми/ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары, бұрынғы жұмыс орнының басқармасының ұсыныстары).

109-тармаққа сәйкес осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы үміткерге құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.


Барлық мамандықтардың мұғалімдері

Лауазымдық міндеттері:


Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету;

оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын пайдалану;

пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарларды, бөлім бойынша жиынтық бағалауға және тоқсанға жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру;

бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау;

кәсіби құзыреттілігін арттыру;

оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтыру.


Талаптар:


Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе өзге кәсіби бағдарға сәйкес білім, немесе жұмыс өтілін талап етпейтін педагогикалық дайындықты өткенін растайтын құжат. Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту мен бағалау әдістерін білу; ұжымда жұмыс істей білу.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: