Алматы қаласы
Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«№165 мамандандырылған лицей»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Reception room : bookkeeping:
Нашар көретіндер
visually impaired
» » №165 мамандандырылған лицейдегі 2023 жылдың қорытындысы
28
December
2023

№165 мамандандырылған лицейдегі 2023 жылдың қорытындысы

№165 мамандандырылған лицейдегі 

2023 жылдың қорытындысы


№165 мамандандырылған лицейдің дарынды оқушылары Республикалық, Халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарына белсенді қатысып, үздіктер қатарынан көрінді. Бұл ең алдымен тынымсыз еңбек пен ізденістің, күш-жігер мен алға қойған өршіл мақсаттың жемісі, ұстаздар қауымы мен ата-аналардың шынайы қолдауының нәтижесі.

№165 лицей оқушыларының 2023 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиададағы жетістіктері:


  • Республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша 100 үздік олимпиадалық мектептердің қатарына енді (26-орын, III дәрежелі диплом);
  • Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысқан 8 оқушының 6-уы жүлделі орынға ие болды: 1-орын – 2, 2-орын – 1, 3-орын – 3;
  • Жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша жасөспірімдер арасындағы олимпиадада  4 қатысушының 3-і жүлделі орынға ие болды: 1-орын – 1, 3-орын – 2;
  • «Қазақстан Білім олимпиадасы» 9 қатысушыдан 9-ы да жүлделі орынды иеленді: 1-орын  – 2, 2-орын  – 3, 3-орын  – 4; 
  • «Қ.Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиада -2023» 2 қатысушының 1-уі 3-орынға ие болды;
  • Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХVІ The presidentтік олимпиадада – 4 қатысушының үшеуі 3-орынға ие болды.

№165 лицей оқушыларының 2023 жылғы Халықаралық олимпиададағы жетістіктері:

  • Математика, физика және информатика пәндері бойынша ХIХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы - 2023: 2 күміс және 1 қола медаль.
  • №165 лицейдің 3 оқушысынан құралған командасы информатикадан XV Еуразиялық олимпиадада 3 күміс медальды жеңіп алды.
  • 10 сынып оқушысы Нұрсағатов Марғұлан Токио қаласында өткен Халықаралық физика олимпиадасына (IPhO-2023) қатысып, күміс медальға ие болды. Бұл жетістігі үшін Нұрсағатов Марғұланға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1000 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы мен Алғыс хатын табыстады. Дарынды физикті дайындағаны үшін физика пәнінің мұғалімі Василий Васильевич Соколовқа базалық жалақының 17,5 еселенген мөлшерінде ақшалай сыйақы төленеді.

Алматы қаласының мамандандырылған мектептері арасында №165 мамандандырылған лицей «Best мамандандырылған мектеп-2023» кубогын иеленіп, грамотамен марапатталды.

Teachersдің жетістіктері:

  • Физика пәні мұғалімі Соколов В.В. математика, информатика және физика мұғалімдері арасындағы IX Халықаралық шығармашылық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Информатика пәнінің мұғалімі Базарғали Е.Е. математика, информатика және физика мұғалімдері арасындағы IX Халықаралық шығармашылық байқауында I дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Математика пәнінің мұғалімі Ахметов А.А. математика, информатика және физика мұғалімдері арасындағы IX Халықаралық шығармашылық байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Математика пәнінің мұғалімі Ахметов А.А. қалалық жас мұғалімдер байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Математика пәнінің мұғалімі Ахметов А.А. VI қалалық шығармашылық байқауында III дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Физика пәнінің мұғалімі Цой Д.В. математика, физика және информатика пәндері бойынша мұғалімдер мен жаттықтырушылар арасындағы V Халықаралық олимпиадада қола медальға ие болды.
  • Физика пәнінің мұғалімі Цой Д.В. математика, физика және информатика мұғалімдерінің Х Халықаралық шығармашылық байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Математика пәнінің мұғалімі Ерембесов Қ.Қ. қалалық «Математикалық регата» олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Математика пәнінің мұғалімі Акперов Н.Қ. қалалық «Математикалық регата» олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Ағылшын тілі мұғалімі Леонтьева О.А. «ХХ ғасыр ұлттық сана мен тәрбие: заманауи ұстаз көзқарасы» атты V қалалық педагогикалық оқулар байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Ағылшын тілі мұғалімі Тауасарова Ж.Ж. қала күніне арналған қалалық эссе байқауында 1-орынға ие болды.
  • Ағылшын тілі мұғалімі Тауасарова Ж.Ж. Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» 3-орынға ие болды.
  • Математика пәнінің мұғалімі Искакова С.Ж. Республикалық «Зерек ұстаз» шығармашылық байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асылбекова М.С. «Білім беру жүйесін трансформациялау жағдайында цифрлық құзыреттіліктерді қалыптастырудың негізгі тәсілдері» атты Халықаралық Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясында 1-орынға ие болды.
  • Тарих пәнінің мұғалімі Самитова Ж.У. Республикалық «Best авторлық бағдарлама» байқауына қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.


2023 жылы №165 мамандандырылған лицейде дәстүрлі «Best мұғалім – 2023», «Best оқушы – 2023», «Best сынып – 2023» байқаулары өткізілді.

«Best мұғалім – 2023» номинациясында физика пәнінің мұғалімі Василий Васильевич Соколов құрмет дипломымен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды. 

«Best оқушы» байқауының қорытындысы бойынша лицейдің 40 оқушысы «Best оқушы – 2023» төсбелгісімен марапатталды. Байқаудың жеңімпаздары – оқу озаттары, мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысушылар және 2022-2023 оқу жылындағы Республикалық, Халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары, жүлдегерлері мен қатысушылары.

«Best сынып» байқауының қорытындысы бойынша 11 «Б» сынып жеңімпаз атанды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: