Алматы қаласы
Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«№165 мамандандырылған лицей»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі : Есепші бөлімі:
Нашар көретіндер
нұсқасы
17
январь
2024

Бос орындарға конкурс жарияланады

Алматы қаласы Гагарин даңғылы 193 мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 165 мамандырылған лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,  телефон 8 (727) 396-21-23, электрондық поштасы: tl165@mail. ru, мұғалімдерге бос орындарға конкурс жариялайды.


  1. Математика пәнінің мұғалімі- 3 бірлік (оқытуы орыс тілінде)

Жүктеме/сағат: 24 сағат (әр бос орынға)

Жалақысы: 300 000 теңге.

  1. Физика пәнінің мұғалімі- 1 бірлік (оқытуы орыс тілінде)

Жүктеме/сағат: 24 сағат (әр бос орынға)

Жалақысы: 300 000 теңге.

  1. Тарих пәнінің мұғалімі-1 бірлік (оқытуы орыс тілінде)

Жүктеме/сағат: 24 сағат 

Жалақысы: 300 000 теңге.

  1.       Директордың бейіндікоқыту жөніндегі орынбасары -1 бірлік (оқытуы орыс тілінде)

Жалақысы: 400 000 теңге.

  1.       Сынып жетекшісі (куратор) -2 бірлік (оқытуы орыс тілінде)

Жалақысы: 140 000 теңге.




Құжаттарды қабылдау күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-дан 17.00-ге дейін,

түскі үзіліс 13.00 - 14.00 аралығында.


Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы 193,  № 32 кабинет.


Құжат қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 18 қантардан 26 қантарына дейін қоса алғанда.


 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» 154-тармағына сәйкес «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы бойынша, конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жіберу қажет.

1) осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысуға өтініш беру;

2)  жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 

3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса) 

4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

155.     Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

156.     Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

158.      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.

Барлық мамандықтардың пән мұғалімдерінің

Лауазымдық міндеттері:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және. дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолдану;

пәндер бойынша орта мерзімді және қысқа мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар құрастыру;

бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалар жасау; 

бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау;

кәсіби құзыреттілігін арттыру;

оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтыру.

Талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе өзге кәсіби бағдарға сәйкес білім, немесе жұмыс өтілін талап етпейтін педагогикалық дайындықты өткенін растайтын құжат. Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беруді дамытудың бағыттары мен дамуын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту мен бағалау әдістерін білу; ұжымда жұмыс істей білу.

Директордың бейіндік оқыту, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарының

Лауазымдық міндеттері:


ü  білім алушыларды бейіндік оқыту жүйесін енгізу жоспарын жасау;

  • бейінді бағдарламалы-әдістемелік оқытуды қолданбалы және элективті курстармен қамтамасыз ету; 
  • жоғары (мамандандырылған) сыныптарды аяқтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектеп бітірушінің қорытынды білім рейтингін қалыптастыру;
  • бейіндік оқыту, көп деңгейлі бағдарламаларды енгізу, кәсіптік бағдар диагностикасы бойынша білім беру ұйымының қызметін ұзақ мерзімді болжау мен жоспарлауды ұйымдастыру мен талдау, және мектеп оқушылары мен түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру;
  • мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін үйлестіру: оң педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату, педагогтардың әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыруда инновациялық технологияларды апробациядан өткізу, кәсіптік бағдар беру бойынша жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен кездесуді ұйымдастыру.

Талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогиканы қайта өткенді растайтын құжат, педагогикалық тәжірибе кемінде 5 жыл;

және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатындағы басшының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатындағы басшының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатындағы басшының орынбасары" біліктілік санатының немесе "педагог" біліктілігінің болуы - сарапшы» немесе «мұғалім – зерттеуші» немесе «мұғалім – шебер» болуы. Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын, педагогика және психология негіздерін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу; педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; ұжымда жұмыс істей білу.

Сынып жетекшісі (куратор)

Лауазымдық міндеттері:

- өзіне бекітілген сынып оқушыларымен жұмыс жасау;

- сыныптағы әрбір оқушының тұлғасын, оның бейімділігін, қызығушылығын зерттеуді жүзеге асыру;

- сыныптағы әрбір оқушы үшін қолайлы микроорта және моральдық-психологиялық климат жасау;

- оқушыларға  іс-әрекетінде көмек көрсетуді; оқу үлгерімінің төмен болуының себептерін анықтап жоюды ұйымдастыру;

- мектепте, балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерінде және тұрғылықты жерінде ұйымдастырылған үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер жүйесі арқылы оқушылардың қосымша білім алуына ықпал ету;

оқушылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

-оқушылардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттау; дене шынықтыру, спорт және сабақта оқушылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған басқа да іс-шараларды өткізу;

сынып құжаттамасын белгіленген тәртіпте жүргізу, сыныптың жеке істерін құрастыру;

-оқушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) тұрақты байланыста болу;

 -сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау;

-оқу процесінің қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету;

-мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысу;

мектепте, үйде, қоғамдық орындарда мұғалімнің әлеуметтік мәртебесіне сәйкес келетін мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтау;

Талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат. Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын, педагогика және психология негіздерін, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту мен бағалау әдістерін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу; командада жұмыс істей білу.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: