Алматы қаласы
Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«№165 мамандандырылған лицей»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі : Есепші бөлімі: eOtinish.kz
Нашар көретіндер
нұсқасы
07
август
2024

Бос орындарға конкурс жарияланады

Алматы қаласы, Гагарин даңғылы193 үй  мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 165 мамандырылған лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,   
телефон 8 (727) 396-21-23, электрондық поштасы: mektep165@almatybilim.kzпедагогтерге бос орындарға конкурс жариялайды.

  1. Математика пәнінің мұғалімі- 1 бірлік (оқыту орыс тілінде)

Жүктеме/сағат: 24 сағат (әр бос орынға)

Жалақы көлемі 150 000 теңгеден бастап.

  1. Физика пәнінің мұғалімі - 1 бірлік (оқыту орыс тілінде)

Жүктеме/сағат: 24 сағат 

Жалақы көлемі: 150 000 теңгеден бастап.

     3.    Информатика пәнінің мұғалімі-1 бірлік  (оқыту орыс тілінде)

Жүктеме/сағат: 24 сағат

Жалақы көлемі: 150 000 теңгеден бастап.

  1. Педагог- ассистент (куратор) -2 бірлік (оқыту орыс тілінде)

Жалақы көлемі: 140 000 теңгеден бастап

Құжаттарды қабылдау күндері: дүйсенбі - жұма,  сағат 9.00-дан 17.00 - ге дейін

түскі үзіліс уақыты:  12.00 - 13.00 аралығында.


Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 193 үй,   № 32 (қабылдау бөлмесі )

Құжат қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 12 тамызынан   20 тамызына  дейін қоса алғанда.


«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» 154-тармағына сәйкес «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы бойынша, конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жіберу қажет:

1)  осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысуға өтініш беру;

2)  жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса) 

4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың, немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің, немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса), немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

11) Қағидалардың 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыруұзақтығы кемінде 10 минутең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

155.     Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

156.     Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

158.     Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.


                 Барлық мамандықтардың пән педагогдерінің  лауазымдық міндеттері:

Оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру;

- оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын пайдалану;

- пәндер бойынша орта мерзімді және қысқа мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар құрастыру;

-  бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалау

тапсырмалар жасау; 

- бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау;

- кәсіби құзыреттілігін арттыру;

- оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;

- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтыру.

Талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе өзге кәсіби бағдарға сәйкес білім, немесе жұмыс өтілін талап етпейтін педагогикалық дайындықты өткенін растайтын құжат. Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беруді дамытудың бағыттары мен дамуын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту мен бағалау әдістерін білу; ұжымда жұмыс істей білу.

Педагог-ассистент  (куратор) лауазымдық міндеттері:

-  өзіне бекітілген сынып оқушыларымен жұмыс жасау;

- сыныптағы әрбір оқушының тұлғасын, оның бейімділігін, қызығушылығын зерттеуді жүзеге асыру;

- сыныптағы әрбір оқушы үшін қолайлы микроорта және моральдық-психологиялық климат жасау;

- оқушыларға  іс-әрекетінде көмек көрсетуді; оқу үлгерімінің төмен болуының себептерін анықтап жоюды ұйымдастыру;

- мектепте, балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерінде және тұрғылықты жерінде ұйымдастырылған үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер жүйесі арқылы оқушылардың қосымша білім алуына ықпал ету;

-  оқушылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

- оқушылардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттау; дене шынықтыру, спорт және сабақта оқушылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған басқа да іс-шараларды өткізу;

- сынып құжаттамасын белгіленген тәртіпте жүргізу, сыныптың жеке істерін құрастыру;

- оқушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) тұрақты байланыста болу;

 - сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау;

- оқу процесінің қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету;

- мектептің Педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысу;

- мектепте, үйде, қоғамдық орындарда педагогнің әлеуметтік мәртебесіне сәйкес келетін мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтау;

Талаптар:

Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат. Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын, педагогика және психология негіздерін, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту мен бағалау әдістерін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу; ұжыммен бірлесе жұмыс істей білу.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: