Алматы қаласы
Управления образованияның
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«№165 мамандандырылған лицей»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Приемная Бухгалтерия
Нашар көретіндер
слабовидящих
08
апрель
2024

Бос орындарға конкурс жарияланады

Алматы қаласы Гагарин даңғылы 193 мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласы Управления образованияның шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 165 мамандырылған лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,  телефон 8 (727) 396-21-23, электрондық поштасы: mektep165@almatybilim.kz, педагогтерге бос орындарға конкурс жариялайды.


  1. Математика пәнінің мұғалімі- 2 бірлік (оқытуы орыс тілінде)

Жүктеме/сағат: 24 сағат (әр бос орынға)

Жалақысы: 300 000 теңгеден бастап.

  1. Физика пәнінің мұғалімі - 1 бірлік (оқытуы орыс тілінде)

Жүктеме/сағат: 24 сағат 

Жалақысы: 300 000 теңгеден бастап.

  1. Директордың инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары -1 бірлік (оқытуы орыс тілінде)

Жалақысы: 450 000 теңгеден бастап.

  1. Сынып жетекшісі (куратор) -2 бірлік (оқытуы орыс тілінде)

Жалақысы: 140 000 теңге.

  1. Әлеуметтік педагог-1 бірлік (оқытуы орыс тілінде)

Жалақысы: 160 000 теңге.



Құжаттарды қабылдау күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-дан 17.00-ге дейін,

түскі үзіліс 12.00 - 13.00 аралығында.


Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы 193,  № 32 кабинет (қабылдау бөлмесі).


Құжат қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 09 сәуірінен 17 сәуіріне  дейін қоса алғанда.


«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» 154-тармағына сәйкес «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы бойынша, конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жіберу қажет:

1)  осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысуға өтініш беру;

2)  жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса) 

4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың, немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің, немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса), немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

11) Қағидалардың 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі  ажыратымдылығы – 720 x 480.

155.     Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

156.     Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

158.      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.

Барлық мамандықтардың пән педагогдерінің

Лауазымдық міндеттері:

Оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру;

оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын пайдалану;

- пәндер бойынша орта мерзімді және қысқа мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар құрастыру;

-  бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалау

тапсырмалар жасау; 

- бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау;

- кәсіби құзыреттілігін арттыру;

- оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;

- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтыру.


Талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе өзге кәсіби бағдарға сәйкес білім, немесе жұмыс өтілін талап етпейтін педагогикалық дайындықты өткенін растайтын құжат. Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беруді дамытудың бағыттары мен дамуын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту мен бағалау әдістерін білу; ұжымда жұмыс істей білу.


Директордың инновациялық қызмет жөніндегі орынбасарының

Лауазымдық міндеттері:


ИҚ басқару келесі қызметтік міндеттерді орындайды:

Инновациялық жұмысты ұйымдастыруға жетекшілік етеді және оны дамытуға көмектесу.

Лицейдің инновациялық қызметін ағымдағы және болашақтағы жоспарлауды ұйымдастыру.

Педагогикалық және басқа да қызметкерлердің жұмысын, сондай-ақ лицейдің инновациялық қызметіне қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіру.

Лицейдегі инновациялық қызмет нәтижелеріне, құрылымына, және мазмұнына

проблемалық талдау жүргізу.

Педагогикалық ұжымға инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеру және дамытуда қолдау көрсету.

Тиісті инновациялық бағыттағы іс-шараларға, конкурстарға, жарыстар мен чемпионаттарға қатысып, олардың нысаны мен мазмұнын талдап, нәтижелерін педагогикалық және басқа да қызметкерлердің назарына жеткізу.

Педагогтардың инновациялық қызметі бойынша материалдар дайындауға әдістемелік көмек көрсету.

Инновациялық мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың бұйрықтары, нұсқаулары, ережелері туралы хабарлау және олардың орындалуын бақылау.

Жалпы ұжымға және жеке лицей әкімшілігінің мүшелерімен жергілікті және басқару бағдарламалары мен инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша кеңес беру.

Лицейдегі инновациялық процестерді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру; инновациялық қызметін жүргізетін лицейдің педагогикалық қызметкерлерін ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету. 

Оқу үдерісін және білім беру мекемесін басқаруды жетілдіру, сондай-ақ жергілікті және басқару бағдарламаларын, инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу бойынша ұсыныстар енгізу.

Талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогиканы қайта өткенді растайтын құжат, педагогикалық тәжірибе кемінде 5 жыл;

педагогикалық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілігі болуы керек.


Сынып жетекшісі (куратор)

Лауазымдық міндеттері:

-  өзіне бекітілген сынып оқушыларымен жұмыс жасау;

- сыныптағы әрбір оқушының тұлғасын, оның бейімділігін, қызығушылығын зерттеуді жүзеге асыру;

- сыныптағы әрбір оқушы үшін қолайлы микроорта және моральдық-психологиялық климат жасау;

- оқушыларға  іс-әрекетінде көмек көрсетуді; оқу үлгерімінің төмен болуының себептерін анықтап жоюды ұйымдастыру;

- мектепте, балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерінде және тұрғылықты жерінде ұйымдастырылған үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер жүйесі арқылы оқушылардың қосымша білім алуына ықпал ету;

-  оқушылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

- оқушылардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттау; дене шынықтыру, спорт және сабақта оқушылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған басқа да іс-шараларды өткізу;

- сынып құжаттамасын белгіленген тәртіпте жүргізу, сыныптың жеке істерін құрастыру;

- оқушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) тұрақты байланыста болу;

 - сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау;

- оқу процесінің қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету;

- мектептің Педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысу;

- мектепте, үйде, қоғамдық орындарда педагогнің әлеуметтік мәртебесіне сәйкес келетін мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтау;

Талаптар:

Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат. Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын, педагогика және психология негіздерін, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту мен бағалау әдістерін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу; командада жұмыс істей білу.


Үйымның Әлеуметтік педагогтың

Лауазымдық міндеттері: 


Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсету.

әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдау.

білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнату.

білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және әлеуметтік қорғау, тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қаматамасыз ету жұмыстарын үйлестіру.

сыныптан тыс уақытта оқушылардың дарындылығын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;

әлеуметтік ортада адамгершілік, жалпы адами салауатты қарым-қатынастарды орнатуға ықпал ету;

білім беру процесі кезінде оқушылар мен тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;

педагогдермен, ата-аналармен және басқа да заңды өкілдермен өзара әрекеттестіру;

білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысу.

оқушылар мен тәрбиеленушілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдық ұстамын қалыптастыру.


Кәсіби құзыреттерді анықтаумен біліктілік талаптары:

            

1) «педагог-модератор»:

"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауапты болуы керек, сондай-ақ: 

озық тәжірибелерді зерттеу және оларды іс жүзінде қолдану;

тәрбие мен оқыту әдістемесін білу;

бiлiм беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;

2) «педагог- сарапшы»:

"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі, сондай-ақ: 

оқу-тәрбие жұмысын талдау әдістерін пайдалану;

шығармашылық біліктілікті басқару;

озық тәжірибелерді енгізу;

3) «педагог-зерттеуші»:

           «педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын талаптарға сай болуы керек, сондай-ақ:

 ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;

жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларды, педагогикалық технологияларды жасау;

оларды зерттеу бойынша жұмыс жасау; әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық жасау;

4) «педагог- шебер»:

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ: 

ғылыми зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың әдістерін қолдану;

жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларды, педагогикалық технологияларды әзірлеу;

оларды зерттеу сыналтымы бойынша жұмыс жасау;

әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік ету;

облыстық оқу-әдістемелік кеңесі мен Республикалық оқу әдістемелік Кеңесі бекіткен оқу-әдістемелік материалдары болуы.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: